Ресейдің Сахалин облысында 10 жастағы мектеп оқушысы өзін үйіне дейін аңдып келген бейтаныс ер адамнан айқайлап көмек сұрау арқылы құтылған. Бұл туралы жергілікті полицияға хабарланған, деп жазады ult.kz.
Жас жігіт қызды подъездің алдында күтіп, оның артынан үйге кірген. Пәтерге кірген соң ол үшінші сынып оқушысының бетінен басып, шуламауды талап еткен.
Алайда қыз оның талабына бағынбай, айқайлап көмек шақырған. Осыдан сескенген ер адам пәтерден қашып кеткен.
Оқиғадан кейін баланың анасы полицияға арыз жазған. Қазір құқық қорғау органдары күдіктінің жеке басын анықтап жатыр.