Алматыда 23 тамызда жоғалып кеткен 16 жастағы қыз 10 күннен кейін аман-есен табылды, деп хабарлайды ult.kz.
Lider.kz ұйымының еріктілері Instagram парақшасында хабарланғандай, 2 қыркүйекте қызды полиция қызметкерлері Әуезов ауданындағы қонақүйлердің бірінен тапқан.
«Аман-есен, дені сау, оған ештеңе болмаған», – деп хабарлады еріктілер.
Еске сала кетейік, қыз 23 тамыз күні сағат 17:15 шамасында Алмалы ауданындағы Төле би көшесі, 189/3, 3-корпус мекенжайындағы үйінен шығып кеткен. Содан кейін одан хабар болмаған.
Оқиғаның өзге мән-жайы әзірге жарияланған жоқ.