Қазақстанның оңтүстігінде, кей жерлерінде солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Елдің солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі, деп хабарлайды ult.kz.
Синоптиктердің болжамынша:
Астанада күн ала бұлтты болады. Күндіз жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +6...+8°С, күндіз +16...+18°С.
Алматыда күн ала бұлтты. Кешке қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Түнде +12...+14°С, күндіз +24...+26°С.
Шымкентте күн ала бұлтты болады. Кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Түнде +12...+14°С, күндіз +18...+20°С.