Фото: Polisia.kz
Мемлекеттік кірістер комитеті соңғы уақытта азаматтарға жаппай салық органдарының атынаналаяқтардан хабарлама келіп жатқанын ескертті, деп хабарлайды Ult.kz.
Комитеттің мәліметінше, алаяқтар таратқан хабарламаларда салық режиміне көшу, шұғыл хабарламалар, айыппұлдармен қорқыту және сілтеме арқылы өтуді сұрау жазылады.
Алаяқтардың мақсаты – халықты қорқыту, шатастыру және жеке деректерді немесе ақша иемдену.
Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтардың айласына түспеу үшін үш қарапайым ережені есте сақтауды ұсынды
Барлық ресми хабарламалар тек Салық төлеушінің жеке кабинетіне немесе тексерілген арналар арқылы келеді (ресми электрондық сервистер, push-хабарламалар және 1414 байланыс орталығы).
СМС арқылы келетін ешқандай кодты айтпаңыз. Егер біреу "растау коды" немесе құпиясөзіңізді сұраса — бұл 100% алаяқ. Мемлекеттің кірістер комитетініңқызметкерлері мұндай деректерді ешқашан сұрамайды.
Сілтемелерге өтпеңіз. Егер "салық органынан" келгендей күмәнді хатта "төлеу" немесе "тексеру" батырмасы болса — оны бірден өшіріңіз.
