23 қаз, 2018 сағат 09:57

Жазушы Талғат Кеңесбаев дүниеден өтті

Бүгін Астана қаласында ұзаққа созылған ауыр науқастан танымал жазушы Талғат Кеңесбаев көз жұмды.

Талғат Кеңесбаев 1961 жылы 15 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Сарыжал ауылында дүниеге келген.

1992 жылы Семей педагогикалық институтын тәмамдаған. Жазушы. Алғашқы шығармалары 1980 жылдары баспасөзде жарияланды.

1988 жылы республикалық "Жігер" фестивалінің лауреаты атанды. Тұңғыш кітабы "Француз әтірінің иісі" 1990 жылы жарық көрген.

2017 жылы "Ұлт болмысы" журналы ұйымдастырған "Ұлт болмысы" әдеби конкурсында бас жүлдені иеленді.

Оның "Моцарт" романын, "Үнсіз нота", "Лениннің бәтенкесі" қатарлы әңгімелері мен "Гауһар", "Ойшоғыр" т.б. повестерін оқырмандары жылы қабылдаған болатын.

Ұлт порталы марқұмның отбасына, жақындарына, таланттысын ардақтаған барша қазақ жұртына қайғыра көңіл айтады.