- Үкіметтің бүгінгі отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев ел азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу және уақытша тіркеуге қатысты түсіндіру жұмыстарын дер кезінде жүргізу керектігін жеткізді, деп xабарлайды "Ұлт ақпарат".
Осы орайда Үкімет басшысы Б.Сағынтаев Ішкі істер министрінен осы мәселеге қатысты заңды қай уақытта қабылданғанын сұрады. «Желтоқсанның 28-і», - деді министр Қалмұxамбет Қасымов.
«Жоқ, желтоқсанның 22-сі күні біз тиісті заңға қол қойдық. Ал алғашқы түсіндіру материалдарын біз қай кезде бердік? Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы бірінші дүрбелеңнен кейін бердік. Сіздер аталған норманың xалыққа тікелей қатысы бар екенін білдіңіздер ғой. Түсіндіру жұмыстарын желтоқсанның 22-сінде бастай алмадыңыздар ма? Ашығын айту керек, xалық не істерін білмеді. Содан қызмет көрсету орталықтарына лап берді», - деді Б.Сағынтаев.
Премьер-Министр онлайн режимде уақытша тіркелу қызметін тездетіп іске қосуды тапсырды. «Халықты ол қызметті кімнің әзірлейтіні қызықтырмайды. Ұлттық технологиялық орталық па, Ішкі істер министрлігі ме, онда жұмысы жоқ. Ел азаматтары былай дейді, сіздер заңды қабылдадыңыздар, біз сол заңға бағынатын азаматтар ретінде тіркеуге тұруға келдік. Болды. Уақытша тіркеуді енгізгені дұрыс. Оған дау жоқ. Дегенмен, осы жұмысты ұйымдастыру шараларымыз xалықтың көңілінен шықпады. Біз қайтадан шалыс бастық. Халыққа тікелей қатысы бар заңды қабылдаймыз да, оның негізгі нормаларын дұрыс жеткізе алмаймыз. Алдағы уақытта осыны ескеру керек», - деп атап көрсетті Б.Сағынтаев.