Екінші дүниежүзілік соғысқа Қазақстаннан 1,2 млн адам аттанып, оның 600 мыңы опат болды. Соның ішінде 200 мыңы - қазақтар.
Қазаққа қатысы жоқ соғысқа қатысып, еріксіз қырылып қалдық. Сол соғыс құрбандарын еске алу ретінде 9 мамырда жыл сайын "Бессмертный полк" деген Ресейдің идеологиялық жобасының жалауын көтеріп жүздеген мың қазақ көшеге шығады. Ресей "қазақ үшін ең үлкен қайғы - осы соғыс" деп көрсеткісі келеді. Көбі соған сенеді де.
Ал 1931-33 жылғы аштықта ресми 2,3 млн қазақ, бейресми 3,7 млн қазақ қырылып қалды. Қасақана геноцидтен! Соғыстағы шығыннан ЖИЫРМА ЕСЕ КӨП! ЖИЫРМА ЕСЕ! Бірақ соған қарамастан 31-мамырда еске алу күніне жиналатын қазақтың саны мыңға да жетпейді.
Енді қазақтың рухы азат па, жоқ па өзіңіз-ақ пайымдай беріңіз...
Асхат Қасенғалидің фейсбуктегі жазбасынан