20 шіл, 2018 сағат 10:46

Қазақстандықтар «Алматы Арена» мұз айдынына Денис Теннің атын беруді ұсынды

Қазақстандықтар «Алматы Арена» мұз айдынына күні кеше ғана ұрылардың қолынан қаза тапқан спортшы, Олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Теннің атын беруді ұсынып жатыр. Бұл бастаманы алғаш боп Facebook қолданушысы Денис Кривошеев желідегі парақшасына жазды.

«Қайғырдық. Сабақ болды. Енді айтарым - «Алматы Арена» Денис Теннің атын берейік», - деп пікір қалдырды ол.

Айналасы бірнеше сағат ішінде бұл жазбаны 300-ден аса адам ұнатып, жүздеген адам «келісеміз» деп пікір жазған.

Еске сала кетейік, 19 шілде күні танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Алматы ауруханасында пышақ жарақатынан көз жұмды.