Душанбеде өтіп жатқан Тәжікстан Республикасындағы қазақстандық медицина күндері аясында А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының рентгенэндоваскулярлық хирургия және аритмология бөлімшесінің меңгерушісі, PhD Әділ Құдайбергенұлы Байымбетов «қарыншаүстілік тахикардияның катетерлік радиожиіліктік абляцияларын» орындап, 4 ота жасады. Ота жасалған науқастардың жасы 14-57 жас аралығын құрайды. Барлық ота сәтті аяқталды.
Манипуляциялар EP Tracer CardioTek портативті жүйесінің көмегімен орындалды.
Мұндай оталар Тәжікстанның Республикалық жүрек-тамыр хирургиясы орталығында алғаш рет жасалды. Тәжікстандық әріптестер бұл оталарды жүйелі түрде қолданысқа енгізуді көздеп отыр, өйткені Тәжікстандық азаматтар осындай оталарды жасату мақсатында шекара шебінен асып кетуге мәжбүр.
Бұл оталарды жасау барысында А.Н. Сызғанов атындағы ҰҒХО-да аритмология бойынша бастапқы дайындықтан өткен Саидолим Одил есімді жас кардиолог-аспирант ассистент міндетін атқарды.
Көптеген жылдар бойы екі орталық медицинаның түрлі бағыттары бойынша тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатып келеді.
Тәжікстандық әріптестер енді өз елдерінде аритмологияны дамытуға дайын.