Көрнекі сурет: pexels.com
Желіде Алматыдағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясының курсанты көпқабатты үйден секіріп қайтыс болды деген ақпарат таралды.
"Алматыда 22 қыркүйекке қараған түні Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының курсанты қайтыс болды. Ол 19 жаста болған. Жігіт Достық даңғылындағы көпқабатты үйден секіріп кеткен деген болжам бар", - делінген Telegram-дағы Halyqstan арнасында.
Алматының полиция департаменті өкілдері бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
"Осы факт бойынша Медеу аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Істің мән-жайы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.
Петропавлда келісімшарт бойынша қызмет еткен әскери қызметкер асылып өлген күйінде табылғанын жазған едік.