06 қыр, 2021 сағат 12:42

Үсік жүреді: синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты


"Қазгидромет" РМК синоптиктері 7-9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Республиканың көп бөлігінде фронталь бөліктер әсерінен жаңбыр жауады: солтүстікте нөсер болады деп болжанған. Тек оңтүстік өңірлерде ауа райы жауын-шашынсыз болмақ.

"8-9 қыркүйекте түнде Қостанай, 9 қыркүйекте Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында 2 градус үсік жүреді. Республиканың батысында, солтүстік-батысында түнде ауа температурасы 5–10, күндіз 14–22 градус, солтүстікте және орталықта ауа температурасы түнде 2–7, күндіз 13-23 градус, шығыста түнде 7–12, күндіз 20–25 градус жылы болады. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы 10–15, күндіз 22–27 градус жылы болады деп болжанған", - делінген хабарлмада.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтан

7 сәуірде күн ашық болады, түнде +15, күндіз +26 градус жылы.

Алматы

7 сәуірде күн ашық, түнде +22 градус, күндіз +34 градус ыстық.

Шымкент

7 сәуірде күн ашық, түнде +24 градус, күндіз +36 градус ыстық.