28 сәу, 2026 сағат 11:00

Ұлытаулық 77 жастағы зейнеткер Парижге жаяу барды

Фото: Sputnik.kz

Сәрсембай Қотырашев – жасы 77-де болса да, бірнеше елді жаяу аралап шыққан ерекше саяхатшы. Ол сапарын 2022 жылы Қазақстанды жаяу аралаудан бастап, небәрі 6 айдың ішінде 8 мың шақырым жол жүріп өтті, деп хабарлайды Ult.kz Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Осыдан кейін қария Ресей, Түркия, Қытай және бірқатар Еуропа елдерін де жаяу бағындырды. Барлық сапарын тек жаяу жалғастырып, жалпы шығыны шамамен 15 миллион теңгені құраған.

Бүгінде де еңбек етіп жүрген ақсақал саяхатын тоқтатпай, алдағы уақытта жаңа бағыттарды бағындыруды жоспарлап отыр.