14 қар, 2025 сағат 17:50

"Ұлымыз – ерекше бала": Артур Төлеповтің әйелі алғаш рет отбасындағы жағдайды ашық айтты

Фото: ашық дереккөз

Артур Төлеповтің жұбайы көпшілік біле бермейтін жеке өміріне қатысты маңызды жайтты бөлісті. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында алты жыл бұрын отбасына түскен ауыр сынақ туралы алғаш рет ашық айтты, деп хабарлайды Ult.kz.

«Ерекше бала ма не деп таң қалып жатырсыздар. Ерекше бала деген – нақты диагнозы бар бала. Өкінішке орай, біздің басымызға да осындай сынақ 6 жыл бұрын келіп түсті. Бірақ мен мұны үлкен сынақ деп қабылдамаймын. Жеңіл түрде қабылдаймын. Жеңіл қабылдауыма себеп – жолдасымның сол уақыттағы үлкен қолдауы. Біз жалпы өмірге жеңіл қарайтын адамдармыз», – деді ол.


Актёрдің жары бұрын жеке өмірін көп жария етпегенін айтып, сондықтан жұрттың таңданысы табиғи екенін жеткізді. Алдағы уақытта бұл тақырыпты ашық айту жоспарда болғанымен, әлі толық дайын емес екенін де жасырмады.

«Нақты нәтижеміз болған кезде бөлісеміз. Қазірдің өзінде Аллаға шүкір», – деп қорытындылады ол.