01 ақп, 2018 сағат 10:36

Ұлттық арна эфирінде мұрағатта сақталған телебағадарламалар көрсетіледі

Қазақ телевизиясының 60 жылдығы қарсаңында Ұлттық арна эфирінде мұрағатта сақталған телебағадарламалар көрсетіледі. Бұл туралы телерадиокорпорация басшысы Ерлан Қарин өзінің фэйсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. 

"Құрметті достар! Қазақ телевизиясының 60 жылдығының қарсаңында Ұлттық арна эфирінде мұрағатымызда сақталып қалған, кезінде көрерменнің ыстық ықыласына бөленген телебағдарламаларды көрсетуді жөн көрдік. Қазақтың көрнекті тұлғалары телевизия арқылы ұлт болмысының қалыптасуына зор үлес қосты деп айтсақ, артық болмас. Осы жексенбі күні, яғни 4 ақпанда 15:05-те кезінде осы телерадиокорпорацияның төрағасы болған, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 1993 жылы түсірілген "Ұлт және сана" бағдарламасы эфирге шығады. Тақырыбы: "Ру қымбат па, ұлт қымбат па", бағдарламаға Өзбекәлі Жәнібеков пен Смағұл Елубай қатыскан. Ал, сол кезде көтерілген тақырып әлі күнге дейін өзектілігін жойған жоқ", – деп жазды Е.Қарин. 

Бағдарлама тақырыбы "Ру қымбат па, ұлт қымбат па" деп аталады және оған мемлекет қайраткері, этнограф Өзбекәлі Жәнібеков пен жазушы, драматург Смағұл Елубай қатысқан.