24 ақп, 2022 сағат 11:40

Украина СІМ Ресейдің толыққанды шабуылы туралы мәлімдеді


Ресей Украинаға толыққанды шабуылды бастады. Бұл туралы Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Twitter-де мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

"Путин Украинаға толыққанды шабуылды бастады. Украинаның бейбіт қалаларына шабуыл жасалып жатыр. Бұл - агрессив соғыс", - делінген хабарламада.

"Әлем Путинді тоқтата алады және тоқтатуы керек. Украина өзін қорғап, жеңеді. Әрекет ететін уақыт келді", - делінген хабарламада.