03 нау, 2025 сағат 11:17

Түркістан ресми түрде ерекше мәртебеге ие болды

Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ult.kz.

Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген.

Құжатта:

  • - тарихи-мәдени мұраны сақтау – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау;
  • - археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу;
  • - тарихи-мәдени мұраны қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дәріптеу;
  • - қорғау аймағында биіктігі мен сәулеті үйлеспейтін ғимараттарды салмау;
  • - археологиялық ескерткіштердің резерватын құру;
  • - мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді инфрақұрылым және инклюзивті туризм құру арқылы қалада жайлы орта қалыптастыру;
  • - қаланың бірыңғай келбетін – сәулет ерекшелігін сақтау үшін дизайн код енгізу;
  • - тиімді басқару мен бақылау үшін әкімдік пен мәслихат өкілеттігін кеңейту;
  • - мемлекет тарапынан қолөнер шеберлерін қолдау мен көлік транзитін реттеу;
  • - туризмді дамыту және тұрмыс сапасын арттырумен қатар қаланың тарихи ерекшелігін сақтау қарастырылған. 

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.