Фото: Pexels.com
Туризм және спорт министрлігі елімізде дене шынықтыру мен спортты дамыту мақсатында жаңа құзыретке ие болды, деп хабарлайды Ult.kz.
Енді министрлік спорт түрлерінің республикалық және өңірлік басымдылық тізімдеріне енгізу үшін арнайы критерийлерді анықтап, бекітеді. Бұл түзетулер аясында спорт түрлерін дамытуға басымдық беру мен жүйелеу жоспарлануда.
Сонымен қатар, министрліктің міндетіне спортпен шұғылданудың ең төменгі жас мөлшерін анықтау және спорттық жылқыларды есепке алу қағидаларын бекіту кіреді. Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып, бұл шаралар спорт саласында қауіпсіздік пен тиімділікті арттыруды көздейді.
Заң жобасы сондай-ақ спорттық медицинаның жаңа мақсаттары мен міндеттерін белгілейді. Спортшылардың жарыстарға дайындалу және қатысу кезіндегі медициналық қолдауын қамтамасыз ету үшін Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығы құрылып, медициналық тексеру, массажист және басқа да қажетті мамандармен жабдықталу қамтамасыз етілетін болады.