Ақтөбеде әйелді өлтіру сәті камераға түсіп қалған: оқиға орнынан тың деректер шықты

Ақтөбеде әйелді өлтіру сәті камераға түсіп қалған: оқиға орнынан тың деректер шықты
Оқиға орыны. Фото: Юрий Гейст/diapazon.kz

Ақтөбе қаласында әйелдің кісі қолынан қаза тапқан сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қайғылы оқиға 12 қазанда Сәтпаев көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында болған, деп хабарлайды ult.kz.

«Диапазон» басылымының мәліметінше, камера жазбасынан ер адамның орындықта отырған әйелге жақындағаны көрінеді. Әйел одан қашып құтылуға тырысқанымен, ер адам соңынан қуып жетіп, арқасына пышақ сұққан. Әйел алған жарақатынан көз жұмған.

Марқұм қылмыс болған үйдің бірінші қабатындағы дүкенде жұмыс істеген. Басылым тілшілері оқиға орнына барып, аумақты қоршаған бейнебақылау жүйесі мен күзеттің бар екенін анықтаған. Кіреберіске шлагбаум да орнатылған.

Оқиға болған жердегі тротуар плиткаларында қан іздері әлі байқалады. Оларды жуып кетіруге тырысқан белгілер бар.