Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 20 қазаннан бастап Қазақстанда карантин жеңілдейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Үкімет отырысы кезінде министр эпиджағдайдың тұрақтануына байланысты, сондай-ақ вакцинация деңгейі 70 пайызға жеткендіктен, ВАК шешімі бойынша 20 қазаннан бастап келесі нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат берілгенін хабарлады:
- келушілер COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжатты немесе ПТР анықтамасын ұсынған кезде қарттар мен мүгедектер үйі, балалар үйі сияқты медициналық-әлеуметтік объектілердің пациенттеріне баруға рұқсат беріледі;
- түнгі клубтардың қызметі тек "жасыл" мәртебесі бар тұлғаларға арналған, олардың толтырылуы 50 пайызға дейін, бірақ:"жасыл" аймақта 100 адамнан артық емес;"сары" аймақта 70 адамнан артық емес;"қызыл" аймақта 50 адамнан артық емес.
- Ashyq жобасына қатысатын бизнес объектілерінің жұмыс уақытын ұзарту:"жасыл" аймақта 03:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары: 05:00-ге дейін;"сары" аймақта 01:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары: 03:00-ге дейін.Қазақстанда қазір күніне 1500-2000 төңірегінде адамнан коронавирус анықталып жатыр. Бірақ әлі де адам өлімі көп. Ресми мәлімет бойынша, күн сайын ондаған адам коронавирустан қайтыс болады.
