03 там, 2020 сағат 09:44

Цой Әбішевтің қамауға алынуына қатысты пікір білдірді

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомствоның вице-министрі Олжас Әбішевтің қамауға алынуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазіргі кезде бізде нақты ақпарат жоқ. Тергеу амалдары жүріп жатыр және өкілетті органдар тиісті ақпаратты өздері жариялайды. Олжас Әбішев өткен аптада өз еркімен қызметінен кету туралы өтінім берді. Сондықтан осы мәселе қазір қарастырылуда. Менің ойымша, берілген өтінімге сәйкес шешім қабылданса, онда ол лауазымынан босатылады», - деді А. Цой Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің қамауға алынғанын растады. 

Ол бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.