Мемлекет басшысы Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты концертке барды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің 28 жылдығына орай өткізілген салтанатты концертті тамашалады.
Мерекелік іс-шара «Астана Опера» опера және балет театрында өтті.
Салтанатты концертте еліміздің танымал әртістері, опера әншілері, хореографиялық топтар, сондай-ақ, симфониялық оркестр өнер көрсетті.