Тоқаев пен Назарбаев Тәуелсіздік күніне арналған концертке қатысты

Тоқаев пен Назарбаев Тәуелсіздік күніне арналған концертке қатысты

Мемлекет басшысы Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты концертке барды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің  28 жылдығына орай өткізілген салтанатты концертті тамашалады.

Мерекелік іс-шара «Астана Опера» опера және балет театрында өтті.
Салтанатты концертте еліміздің танымал әртістері, опера әншілері, хореографиялық топтар, сондай-ақ, симфониялық оркестр өнер көрсетті.