30 там, 2021 сағат 14:10

Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасайды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасайды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"1 қыркүйек күні сағат 11:00-де Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасайды.

Жолдауда елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтылады", - деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Бұған дейін 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтетіні хабарланған болатын.