Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының съезінде сөйлеген сөзінде мәслихат депутаттарына Қазақстан халқының мүддесі жолында жұмыс істеу керектігін еске салды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Президент өз сөзінде өңірлердегі өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге партия мүшелерінің қатысуын күшейту қажеттігін айтты.
"Мәслихат депутатының төсбелгісін өңірлік элитаға қатысын білдіретін алдамшы атрибут немесе жоғары кабинеттерге рұқсаттама деп қарастырмау керек. Бұл - оның халық атынан сайланғанын және халық мүддесі үшін жұмыс істеуі қажеттігінің айғағы. Депутаттар осы түбегейлі айырмашылықты нақты түсінуі керек. Әзірге біздің депутаттардың азаматтар арасында лайықты беделі жоқ. Бұл қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде айқын көрінді", - деді Тоқаев.