14 шіл, 2024 сағат 12:41

Тармпқа оқ атылды


АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп Пенсильваниядағы сайлауалды науқанында сөз сөйлеп тұрғанда атыс басталды, деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат"

Оқ дауысы шыққан кезде Трамп сөзін тоқтатып, бірден еңкейді. Артынша оққағарлары жүгіріп барып, оны алып кетті. Трамптың оң құлағы қанап кетті. Кетер алдында саясаткер жұдырығын бір сілтеді.

Оқ атқан адамның сол жерде көзі жойылды, сол сияқты митингке қатысқан кем дегенде бір адам қаза тапты. 

Трамптың өкілі Стивен Чанг мәлімдемесінде Дональд Трамп  ауруханада екенін, дәрігерлер оның жағдайын бақылауда ұстап отырғанын айтты.

«Президент Трамп құқық қорғау органдары мен төтенше жағдайлар қызметкерлеріне қорқынышты оқиға кезінде жылдам әрекет еткені үшін алғыс білдіреді. Оның жағдайы жақсы, жергілікті ауруханада қаралуда», – деді ол.


Айта кетейік, осы оқиғаны Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатаң айыптап, Дональд Трамптың тезірек жазылып кетуін тіледі.