Фото: Шымкент ПД видеосынан скриншот
11 қаңтар күні Шымкентте көпқабатты үйдің маңынан 21 жастағы қыздың мәйіті табылды. Полицияның болжамы бойынша қылмыскер марқұмның танысы болуы мүмкін, деп хабарлайды Ult.kz.
Куәгерлердің сөзінше, қыздың денесінде пышақ жарақаты бар.
"Аталған дерек бойынша полиция кісі өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғады. Күдіктінің жеке басы анықталды. Алдын ала мәліметке сәйкес, ол марқұммен бұрын таныс болған. Қазіргі уақытта оны ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды", – делінген қалалық Полиция департаменті таратқан мәліметте.
