13 қар, 2023 сағат 12:17

Талдықорған полициясының бастығы қыз зорлады деген күдікпен ұсталды

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Жетісу облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, ол облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікке ілінген. 

"ҚР ҚК-нің 120-бабы 2-бөлігі (Қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Барлық мән-жайлар қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында зерделенеді.

Қылмыстық істі тергеу ҚР ІІМ-нің ерекше бақылауына алынды" - делінген хабарламада.