Астанадағы сауда орталықтарының біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар берген Украина азаматы ұсталды. Операция Қазақстан мен Украина киберполициясының бірлесуімен жүргізілген, деп хабарлайды ult.kz.
ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбайдың айтуынша, күдікті тамыз айында анықталған.
Бұдан бөлек, Ресей полициясымен бірлесіп, Астана мен Алматыда жалған шақыртулар арқылы полицияны бөтен адамдардың мекенжайына жіберген үш жағдайға қатысы бар Ресей азаматы анықталған.
Ал мамыр айында Чехияда Қазақстан азаматтарының дербес деректерін таратқан халықаралық арнаға қарсы операция жүргізілді. Нәтижесінде Қазақстанның алты азаматының тұрғылықты мекенжайында тінту жасалып, схеманың үш ұйымдастырушысы ұсталып, қамауға алынды.
ІІМ мәліметінше, үш айда 1595 киберқылмыс анықталған.