Жамбыл облысында бұрынғы әйелін ұрып-соғып, қолын сындырған ер адам бір жылға бас бостандығынан айырылды. Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды ult.kz.
Сот материалдарына сәйкес, ажырасқан ерлі-зайыптылар кейін қайта қосылып, бір үйде тұрған. Алайда былтыр тұрмыстық жанжал кезінде ер адам әйелінің бетінен бірнеше рет ұрып, есінен тандырған әрі қолын сындырған.
Кейін әйел медициналық көмекке жүгінбек болғанда, араларында тағы жанжал туындаған. Ер адам бұрынғы әйелін балағаттаған.
Сотталған азамат үкіммен келіспей, өзін ақтауды сұраған. Алайда апелляциялық алқа бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды. Сот актілері заңды күшіне енді.