24 сәу, 2020 сағат 07:05

ШҚО-дағы өртті сөндіру үшін Көкшетаудан МИ-26Т алып тікұшағы ұшып шықты

Шығыс Қазақстан облысына бүгін сағат 07:45-те Көкшетаудан өрт сөндіру үшін ең үлкен тікұшақ ұшып шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Комитет таратқан ақпараттарға қарағанда, су таситын құрылғысы бар МИ-26Т Шығыс Қазақстан облысының Бесқарайғай ауданындағы орман өртін сөндіруге жұмылдырылмақ.

Тікұшақ бір дегенде 10 тонна су шаша алады. Оның үстіне ұшақта Көкшетау гарнизонының жеке құрамының 30 өкілі бар. Олар да өрт сөндіру жұмыстарына атсалысатын болады. 

Осыған дейін Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданы аумағындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында қарағайлар өртеніп жатқандығын хабарлаған блатынбыз.