10 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда шығыс өңірлерде жаңбыр мен қар жауып, кей аймақтарда тұман түсуі мүмкін, деп хабарлайды ult.kz.
Астанада күн ала бұлтты, түнде -2°C, күндіз +11°C болады.
Алматыда жауын-шашынсыз, түнде +6°C, күндіз +19°C күтіледі.
Шымкентте күн ашық, түнде +13°C, күндіз +25°C болады.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында таңертең тұман түсуі мүмкін. Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарында күн біртіндеп жылынады.
Атырау мен Маңғыстау облыстарында жаңбыр жаууы ықтимал. Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Алматы мен Жетісу облыстарында күн ашық болады. Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі.
Синоптиктер тұрғындарға тұман кезінде жолда сақ болуды ескертеді.