Елордадағы қазақтың бірқатар белсенді азаматы Шаxандағы апаттан зардап шеккендерге киім-кешек және бұзылмайтын азық-түлік жинау шарасын бастады. Бұл жайында күні кеше белгілі ақын әрі журналист, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш министрінің баспасөз xатшысы Ақберен Елгезек өзінің Фейсбуктағы парақшасында жазды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қадірлі астаналықтар! Шаxан елді-мекенінде болған апат баршамыздың көңіл-күйімізді алай-дүлей қылды. Кеше ғана жаңа жылды қарсы алған 9 адам қаза болып, қаншама отбасы баспанасыз қалды. Осыған орай Ерлан Сайыров мырза бастаған бір топ астаналық белсенді азамат Шаxтинскідегі апаттан зардап шеккендерге киім-кешек және бұзылмайтын азық-түлік жинау шарасын бастап жатыр. Қиын жағдайда қалған ағайынға көмектескісі келген астаналықтар 3 қаңтардан бастап, сағат 10:00-15:00 уақыт аралығында Момышұлы мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында орналасқан «Белый ветер» дүкенінің сол жағындағы кіреберісте, 3-ші қабаттағы офиске заттарды өткізе алады. Есік ашық тұрады. Шара аптаның жұма күніне дейін жалғасып, жиналған дүние сенбі күні апат болған елді мекенге жөнелтіледі», - деп жазды ол.
Игі істің басы-қасында жүрген азаматтардың қатарында: Ерлан Саиров, Ақберен Елгезек, Мұрат Әбенов, Дина Елгезек секілді елге танымал қоғам қайраткерлері мен белсенділер бар.
Әлем желіде #ШаханКөмек хештегімен тараған гуманитарлық шара әлі де жалғасын табуда. Басты мақсат - осындай ауыр жағдайды басынан өткерген Шахан тұрғындарына ел болып жұмылып қолдан келген көмекті көрсету һәм сол арқылы бірлігіміз сыналған тұста өз мықтылығымызды таныту.
Айта кетерлігі, «Белый ветер» дүкені «Тұран» мейрамханасының жанында, «Раxмет» сауда үйінің қарама-қарсысында, Момышұлы атындағы даңғылдың бойында орналасқан.
Байланыс телефондары мынадай: 87770411470; 87017074010
Ұлт порталы