27 сәу, 2022 сағат 16:53

Ресей журналисі Кеосаянның Қазақстанға кіруіне тыйым салынуы мүмкін


Сыртқы істер министрлігі ресейлік журналист Тигран Кеосаянның Қазақстан туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның телеграм каналына сілтеме жасап.

"Ресей журналисі Тигран Кеосаянның қорлайтын, объектив емес сөздері назарымызды аударып отыр.

Мүмкін, оның мәлімдемесі Ресей қоғамы мен саяси истеблишменттің белгілі бір бөлігінің көзқарасын көрсететін шығар. Бірақ елдеріміз арасындағы ынтымақтастық рухы мен мазмұнына және мемлекет басшылары деңгейіндегі келісімдерге мүлдем сәйкес келмейді.

Мұндай сөздер тату көршілік қарым-қатынасымызға селкеу түсіреді және стратегиялық серіктестіктімізге қарсыларға қолайлы болмақ.

Ол Қазақстанға келуі құпталмайтын адамадардың тізіміне енгізіледі деп ойлаймын", - деді СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.