Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) отызыншы және отыз бірінші сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына сайлау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының отызыншы сессиясы 2022 жылғы 28 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын.
Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз бірінші сессиясы 2022 жылғы 29 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында "Ел бірлігі - жаңарған Қазақстанның тірегі" күн тәртібімен шақырылсын", - делінген хабарламада.
Үкіметке Қазақстан халқы Ассамблеясының отызыншы сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.