Фото: aikyn.kz
Павлодар облысындағы тасжолда жол апаты болып, жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.
ІІМ мәліметінше, 22 қаңтарда сағат шамамен 18:00-де Павлодар - Қызылорда тасжолының 1293-шақырымында үш көлік: ВАЗ 2110, Toyota Camry, Mercedes-Benz GL 450 жол апатына ұшыраған.
"ЖКО салдарынан ВАЗ 2110 көлігінің 25 жастағы жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды. Тағы төрт адам зардап шекті. Олардың бірі - кәмелетке толмаған азамат. Бәрі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада.
Көлік құралдары мамандандырылған тұраққа қойылған.
Бұл дерек бойынша тексеру жүргізіледі. Бірқатар сараптама тағайындалған.
видео: Astana TV
Еске салайық, апат 22 қаңтарда кешкі уақытта болған, оның видеосы жарияланды. Кадрларда төңкерілген көліктің маңында бірнеше адам тұрғанын көруге болады. Осы кезде оларды асқан жылдамдықпен жол талғамайтын көлік қағып кетеді. Соқтығысу салдарынан бір адам қаза тауып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілген.