Фото: ашық дереккөз
Өзбекстан құрамасы футболдан алғаш рет Әлем чемпионатына жолдама алып, тарихи жетістікке жетті. Осыған орай, ел президенті Шавкат Мирзиёев футболшыларға ерекше құрмет көрсетіп, BYD маркалы көліктер сыйлады, деп хабарлайды Ult.kz.
Сонымен қатар, құраманың бас бапкері, ойыншылары мен жаттықтырушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Өзбекстан футбол құрамасы бұған дейін БАӘ құрамасымен тең ойнап (0:0), Азия аймағының іріктеу турнирінде өз тобында 2-орынды иеленген болатын. Бұл нәтиже Өзбекстанға 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік берді. Жақында Өзбекстан құрамасы Қатарды 3:0 есебімен ұтып, іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады.