Фото: Ақорда
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Германия Федеративтік Республикасы» мемлекет басшыларының кездесуіне келген мәртебелі меймандарды қарсы алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольц Тәуелсіздік сарайына келді.
Еске сала кетейік, меймандар Астанада өтетін «Орталық Азия – Германия Федеративтік Республикасы» мемлекет басшыларының кездесуіне қатысу үшін Қазақстанға ресми сапармен келді.