Белгілі ақын Олжас Сүлейменовтің жиырма алты жастағы немересі Ескендір Астанада жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ескендірдің досының айтуынша, жол-көлік оқиғасы Мәңгілік Ел – Керей мен Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында кешкі тоғыз-тоғыз жарымның аралығында болған. Жас жігіт мотоцикл жүргізіп келе жатқан.
"Полицейлер осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Қазіргі уақытта Ескендірдің туыстары жол апатының куәгерлерін іздестіріп жатыр.
Олар осы оқиға жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден мына нөмірлер бойынша хабарласуды сұрайды: +7701-44-44-134, +7701-551-82-22, +7701-981-78-81.