Олжас Сүлейменовтің немересі жол апатынан көз жұмды (Видео)

Олжас Сүлейменовтің немересі жол апатынан көз жұмды (Видео)

Белгілі ақын Олжас Сүлейменовтің жиырма алты жастағы немересі Ескендір Астанада жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ескендірдің досының айтуынша, жол-көлік оқиғасы Мәңгілік Ел – Керей мен Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында кешкі тоғыз-тоғыз жарымның аралығында болған. Жас жігіт мотоцикл жүргізіп келе жатқан. 

"Полицейлер осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта Ескендірдің туыстары жол апатының куәгерлерін іздестіріп жатыр. 

Олар осы оқиға жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден мына нөмірлер бойынша хабарласуды сұрайды: +7701-44-44-134, +7701-551-82-22, +7701-981-78-81.