13 қыр, 2018 сағат 15:52

Нұрсұлтан Назарбаев Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Анкарада Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты қарсы алу рәсімінен кейін Қазақстан мен Түркия президенттері арасында келіссөз өтті.

Кездесуде мемлекеттер басшылары екі жақты ынтымақтастықтың және сауда-экономикалық қатынастарды нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады. 

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Тайип Ердоған халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі маңызды мәселелер жөнінде пікір алмасты.