Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов
«Nur Otan» партиясының съезі басталды, деп хабарланды "Ұлт ақпарат".
«Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI Съезі жұмысын бастады. Оған еліміздің барлық өңірінен 389 делегат онлайн-форматта қатысып отыр», - делінген ҚР Президенті баспасөз қызметінің Twitter-де жариялаған ақпаратында.
Съезге бейнеконференцбайланысы режимінде ел басшылығы, Саяси кеңес мүшелері, аймақтық филиалдар өкілдері, депутаттар мен үкімет мүшелері қатысуда.
Бекітілген күн тәртібіне сәйкес партияның Төрағасын сайлау, Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралады.