02 қар, 2020 сағат 06:26

«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің бюросы 24 қарашада өтеді

Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің бюросын шақыру туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің бюросын 2020 жылғы 24 қарашада шақыру туралы қаулыға қол қойды», деп жазды «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter парақшасында.

Айта кетейік, «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX съезі 25 қарашада өтетін болды.