Фото: Михаил Метцель/ТАСС
Енді экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасы мүшелерінің денсаулығы мен жеке өмірі туралы деректер мемлекеттік құпия болып табылады және заңмен қорғалады, деп хабарлайды ult.kz.
Сенат "Мемлекеттік құпиялар туралы" заңға енгізілетін түзетулер мен толықтыруларды мақұлдап, Мемлекет басшысының қарауына жіберілді.
"Мемлекеттік құпиялар туралы" заңға барлаушылық, қарсы барлаушылық, жедел-іздестірушілік және өзге де қызметті мемлекеттік құпияларға жатқызудан басқа, Қазақстан Республикасы президентінің және оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырылуы, күштері, құралдары мен әдістері туралы мәліметтер, Қазақстан Республикасы Президентінің денсаулық жағдайы мен жеке өмірі туралы мәліметтер, Қазақстан Республикасының экс-президенттерінің және олардың отбасы мүшелері туралы ұқсас мәліметтерді енгізу бойынша толықтыру енгізіледі", – делінген Сенат комитетінің қорытындысында.