25 мам, 2022 сағат 22:27

Мусин Binance криптовалютасының негізін қалаушымен үстел теннисін ойнады


Цифрлық даму министрлі Бағдат Мусин мен Binance криптобиржасының негізін қалаушы Чанпен Чжаоның үстел теннисін ойнаған сәті түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі ЦДИАӨМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бағдад Мусин әлемдегі ең ірі криптовалюта биржасының басшысына министрліктің жұмысын таныстырып, ведомствоның жобалары мен жоспарлары, платформасы және eGov.kz пен мемлекеттік қызметтерді ұсынудағы мемлекеттің бизнеспен коллаборациясы туралы айтып бергені айтылады.

Сонымен қатар, криптобиржаның негізін қалаушы әрі басшысы мен ведомство басшысы үстел теннисін ойнаған.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Binance криптобиржасының негізін қалаушы және бас директоры Чанпен Чжаоны қабылдады. Олар Қазақстан мен Binance салалық құрылымдары арасындағы бірқатар саладағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының қатысуымен ЦДИАӨМ мен Binance арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.