Қазақстан Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысындағы жарылыстар кезінде қаза тапқан төрт әскери қызметшінің тізімі мен фотосуреттерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қазақстан Қарулы Күштерінің жеке құрамы Жамбыл облысындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасында өрт салдарынан қаза тапқан марқұмдардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, еске алады", - делінген хабарламада.