30 жел, 2025 сағат 11:46

Милан-2026: Қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан туын ұстайтын спортшылар белгілі болды

Фото: ҰОК

Еліміздің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаев ҚР Туризм және спорт министрлігінің қоғамдық кеңесі отырысында төртжылдықтың басты спорт шарасының ашылу салтанатында ту ұстау міндеті Денис Никиша мен Яна Ханға тапсырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Денис Никиша шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны. Ол қысқы Олимпиада ойындарына екі рет қатысқан: Сочи-2014 және Пхёнчхан-2018.

  • - 2024 және 2025 жылдары шорт-тректен әлем чемпионатында 500 метр қашықтықта күміс жүлде иегері.
  • - 2023 жылы ISU рейтингінің 500 метр қашықтықтағы жалпы есебінің жеңімпазы.
  • - Әлем кубогы кезеңдерінің бірнеше дүркін жүлдегері.
  • - Әлем чемпионаттары мен Универсиаданың қола жүлдегері.
  • - 2025 жылы Харбинде өткен Қысқы Азия ойындарында үш медаль жеңіп алды.

Яна Витальевна шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі.

  • - 2022 жылғы Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарына қатысты, аралас эстафеталық құрамда 5-орын иеленді.
  • - 2023 жылы АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өткен Қысқы Универсиадада күміс жүлде алды.
  • - 2025 жылы Италияның Турин қаласында өткен Қысқы Универсиадада қола жүлдегер атанды.
  • - 2025 жылғы Харбинде өткен IX Қысқы Азия ойындарында аралас эстафета құрамында күміс медаль жеңіп алды.
  • -Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, 500 және 1000 метр қашықтықтарды қоса алғанда түрлі дистанцияларда топ жарған.