02 қаз, 2024 сағат 16:40

Мейрамбек Бесбаев үшінші сәбиін перзентханадан дүркіретіп шығарып алды

Жақында үшінші сәбиі дүниеге келген Мейрамбек Бесбаев әйелі мен сәбиін перзентханадан дүркіретіп шығарып алды. Перзентханаға әншінің достары мен туыстары құттықтап келді. 

Өнер иесі қызына Айзия деп есім қойған. "Музарт" тобының мүшесі Сәкен Майғазиевтің айтуынша, бұл есімді үлкен қызы - Кәусар таңдаған. 

«Қызымыздың атын сұрап жатқан жандарға арналады. Кәусар қызымыз кішкентай бүлдіршінді Айзия деп атады», – деді әнші.


Қуанышына ортақтасып келген дүйім жұрттың басын қосып, әнші мейрамханада кішігірім той жасады.