Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Майя Бекбаева мен Закиржан Кузиевті Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары қызметінен босатты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімдерімен Майя Төлегеновна Бекбаева және Закиржан Пирмухамедович Кузиев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Мемлекет басшысының өкімдерімен Наталья Григорьевна Дементьева және Тауфик Акрамович Каримов Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалғаны хабарланған.