04 мам, 2020 сағат 09:50

Мәулен Әшімбаев сенатор болды

Мәулен Әшімбаев Сенат депутаты болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды", - делінген жарлықта.

Тоқаевтың Жарлығымен ол Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.

Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев 1971 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 

1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 2016 жылы Тафтса университетін, Флетчер атындағы құқық және дипломатия мектебін (АҚШ) аяқтаған. Саяси ғылымдардың кандидаты. Халықаралық қатынастар магистрі. 

Университетті бітіргеннен соң 1993-1994 жылдары Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді. 

1994-1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңес депутатының көмекшісі. 

1995 жылғы маусым - қараша аралығында – Қауіпсіздік кеңесі аппаратының консультанты. 

1995-1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Сараптау және стратегиялық зерттеулер орталығының бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, осы орталық жетекшісінің бірінші орынбасары. 

1999-2000 жылдары – Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі. 

2000-2002 жылдары – Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры. 

2002-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры. 

2005-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары. 

2006-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары. 

2012-2018 жылдары – V, VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрғағасы. 

2018-2019 жылдары – «Nur Otan» партиясы төрағасының Бірінші орынбасары. 

2019 жылдың шілде-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі. 

2019 жылдың 18 желтоқсаннан бері Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Бірінші орынбасары болып қызмет атқарған.