Қаржы мониторингі агенттігі өкілі сұйытылған мұнай газын жеткізуге жетекшілік еткен облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов ұсталғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inAktau.kz-ке сілтеме жасап.
Ғалымжан Ниязовқа сот екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындағаны белгілі болды.
"Ниязов лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу аясында ұсталды", - деді Маңғыстау облысы Экономикалық тергеу департаменті өкілі.